Құландық азамат ауруханаға 10 млн. теңгенің құрал-жабдықтарын сыйлады
- авторjambylinfo.kz
- 29 қыркүйек, 2020
- 221
Елімізде жер-жаhанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Кешенді шаралар Жамбыл облысында да жүргізілуде. Аталған істен жергілікті жомарт жандар да қалыс қалып жатқан жоқ. Мәселен, жуырда Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тумасы Ардақ Әшімбекұлы өзінің және отбасының атынан аудандық ауруханаға 10 миллионға жуық қаржыға тұрғындарға медициналық көмек көрсетуге қажетті медициналық мақсаттағы құрал-жабдықтарды алып берді.
Оның ішінде фармацевтикалық тоңазытқыш, дезкамера, дозатор, Бобров жабдығы, ауа рециркуляторы, жылжымалы кварц лампасы, медициналық бетперделер мен қолғаптар, көзілдіріктер, жеке қорғаныш киімдері де бар.
Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі– Аймағымызда осындай демеушілік көмек көрсетіп жүрген жомарт жандар әлі барлығы көңілге қуаныш ұялатады. Пандемия кезінде қол ұшын созып, демеушілік білдірген жомарт жан, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары, генерал Ардақ Әшімбекұлына алғысымызды білдіреміз. Мұндай көмек көрсетуге арналған қажетті медициналық құрал-жабдықтар қауіпті індетке шалдыққан науқастардың тезірек сауығуына, отбасына аман-есен оралуына септігін тигізері сөзсіз, – дейді Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Раушан Көшербекқызы.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз