сенбі, 23 қараша, 2024 0:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Асарлатып үй салып берді

Асарлатып үй салып берді
ашық дереккөзі
Асарлатып үй салып берді

Облыс орталығынан жырақтағы құм жиегіндегі ауылыма бір барғанымда Темен досыма кездесіп қалдым. Екі езуі екі құлағына жете қуанып жүр екен. Жайраңдай амандасты. Сөйтсем, оған ауылдастарым бұрынғы бұзылып қалған үйдің орнына асарлатып үлкен үй тұрғызып беріпті.

Темен – тілінің аздаған мүкіс­­­тігіне қарамастан, былай­ғы жұрт­пен шүйіркелесе әңгі­ме­лесіп кететін ақжарқын жігіт аға­сы. Жасынан еңбекпен ши­рап өскен азамат. Кезінде қой да баққан. Кеңестік шаруа­шылықтар тараған тұста да текке қарап отырмай, жеке кәсіп­кер­лерге жалданып, олардың малын бақты, егінін қорыды.

Соңғы жылдары ауылда жұмыссыздықтың белең алуы оған оңай тимеді. Жасыратыны жоқ, отбасы мен балаларын асырап бағу үшін біреулердің отынын жарып, моншасын жағып, ма­лын бағып беру секілді жұ­мыс­тарды атқаруына да тура кел­ді. Теменнің қаладағы қай­наған базарлардың біріне барып, арба сүйреуіне де болар еді. Алайда ауылда да мұндай іс ат­көпір. Ол осылай отбасы мен ба­ла­лары үшін қандай істен бол­сын тар­тынбай-ақ, адал еңбе­гі­мен аз­ды-көпті нәпақа айырып жүр.

Жұбайы Айжамал екеуі бір ұл, екі қыз тәрбиелеп, өсіріп, қатарға қосты. Үлкен ұлы тех­ни­­­кумда оқиды. Бұл отбасы осы­­ған дейін ауылдағы бос тұр­ған үйлердің бірінен екін­шісіне көшіп-қонумен жүріпті. Енді өзінің шаңырағы бар.

– Барлық қиындық артта қалды. Енді өз баспанам бар, бұл үшін ауылдастарыма айтар алғысым шексіз, – дейді Темен.

Жеке тұрғын үйді іргета­сынан бастап қалап, қабырғасын да өздері құйған кірпіштен өріп, шатырын жауып, дап-дайын күйінде пайдалануға берген ауылдағы құрылысшы азаматтар екен.

– «Асар» қайырымдылық акциясы ауылдық жерлерде де қанатын кеңге жая бастады. Бұл бастаманы да ойықтықтар бірден іліп алып кетті. Елден жиналған қаражат есебінен Темен Әбденбайұлының отбасы үшін салынған үйдің жал­пы аумағы – 9x9 метр, төрт бөл­мелі. Ауласы кең, қорш­ал­ған шарбағы да бар, – дейді Ойық ауылдық округінің әкімі Медет Үрістенов.

«Баспана – бақыт шамы» ғой қашанда. Ал сәні мен сәу­леті келіскен үй ауылдастары­ның Әбденбаевтар әулетіне шын ниеттерімен ұсынған тамаша тартуы да секілді.

Баймаханбет АХМЕТ,

журналист

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар