Жамбыл жаңалықтар
«Мұндай шешім қабылдау оңай емес» - «Тараздың» ФК бас бапкері қызметінен кетті
- авторjambylinfo.kz
- 27 қазан, 2021
- 187
«Мұндай шешім қабылдау оңай емес» - «Тараздың» ФК бас бапкері қызметінен кетті
Армениялық маман Вардан Минасян «Тараз» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
Бас бапкері «Ордабасымен» өткен ойыннан кейін қызметінен кеткен. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлаған. «Мұндай шешім қабылдау оңай емес. Маған «Тараз» клубында жұмыс істеуге мүмкіндік берген жандарға алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ бізді қолдап, командамен бірге болған барлық адал жанкүйерлерімізге алғысым шексіз. Ең бастысы, ойыншыларымызға алғыс айтқанды жөн көремін. Олар жарады, біздің барлық қиындықтарымызға қарамастан, әрқашан өздерін лайықты түрде ұстады. Барлығыңызды керемет болашақ күтіп тұр, тек дұрыс ойлап, көп жұмыс істеу керек. Баршаңызға сәттілік!» - деді армениялық маманның өзі. Команданы алдағы ойындарға Сергей Тагиев дайындайтын болады. Айта кетейік, Вардан Минасян «Тараз»-ға дейін футболдан Армения ұлттық құрамасын және жергілікті «Пюник», «Арарат» футбол клубтарын жаттықтырған
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз