дүйсенбі, 25 қараша, 2024 1:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қылмыс жасаған 3 шетелдік Жамбыл облысында жасырынып жүрген

Қылмыс жасаған 3 шетелдік Жамбыл облысында жасырынып жүрген
ашық дереккөзі
Қылмыс жасаған 3 шетелдік Жамбыл облысында жасырынып жүрген
Жамбыл облысында «Заңсыз көшіп-қонушы» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында қылмыс жасаған 3 шетелдік азамат анықталды Бір аптаға созылған рейд қорытындысы бойынша Жамбыл облысы көші-қон қызметінің қызметкерлері 435 шетелдік азаматты, оның ішінде ТМД-ның 430 және алыс шет мемлекеттердің 5 азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты. «Олардың арасында 231 шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғандығы тіркелсе, 37 шетелдік азамат сот шешімімен Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығарылды. Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін ҚР заңнамасын бұза отырып жұмысқа тартқаны үшін 13 дерек анықталып, іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды», - делінген Жамбыл облысы Полиция департаментінің хабарламасында. Полиция департаменті ҚР аумағында болуға рұқсат етілген мерзім өтіп кеткен жағдайда, шетелдіктер көші-қон қызметіне жүгініп, құқықтық мәртебелерін реттеуі қажеттігін ескертеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар