дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 20:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Маска болмағаны үшін айыппұл салынады". Жамбыл облысының әкімдігі Желіде тараған хабарламаны жоққа шығарды

"Маска болмағаны үшін айыппұл салынады". Жамбыл облысының әкімдігі Желіде тараған хабарламаны жоққа шығарды
ашық дереккөзі
"Маска болмағаны үшін айыппұл салынады". Жамбыл облысының әкімдігі Желіде тараған хабарламаны жоққа шығарды

Жамбыл облысында маска тағу режимінің сақталуын қадағалайтын мобильді топтар туралы хабарлама тарап жатыр. Әкімдік бұл ақпаратқа түсінік берді.

Instagram-дағы @taraz_v_obektive парақшасында қалада маска тағу тәртібін тексеретін мобильді топтар жұмыс істейтіні туралы хабарлама жарияланды. Жазба авторы жеке қорғаныс құралдарынсыз үйден тыс жерде жүргендердің барлығына айыппұл салынады дейді.

Жамбыл облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бізде маска тақпағандарға айыппұл салатын мобильді топтар жоқ. Қалада құрылған және тұрақты жұмыс істейтін мобильді топтар түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, дәмханалардың, мейрамханалардың және басқа мекемелердің қызметін бақылайды. Бұл мобильді топтар көшелердегі адамдарға айыппұл салмайды", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство өкілдері көңіл көтеру орындарының иелеріне бас санитар дәрігердің қаулысындағы талаптарды бұзған жағдайда айыппұл салынатынын атап өтті.

Бұған дейін осындай мәтіні бар хабарлама Нұр-Сұлтан қаласының және еліміздің басқа да қалаларының тұрғындары арасында мессенджерлерде тараған болатын.

  Stopfake.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар