жұма, 20 қыркүйек, 2024 20:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мектеп оқушыларын тасымалдайтын 110 автобустыңжартысына жуығы ескірген - Білім басқармасы

Мектеп оқушыларын тасымалдайтын 110 автобустыңжартысына жуығы ескірген - Білім басқармасы
Сурет: jambylinfo.kz
Күні кеше Тараз бен облыстың алты ауданына су жаңа көліктер табысталған

Жамбыл облысында мектеп оқушыларына арналған автобустар Қазақстанда құрастырылған көліктер. Бұл туралы Тараз қалалық білім басқармасының міндетін атқарушы Мұхит Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Нысанбаев сондай-ақ көліктердің құны мен балалардың қауіпсіздігіне арналған тетіктері туралы айтып берді. Оның айтуынша, көліктер еліміздің зауыттарында жиналған, қазақстандық өнім. Автобустарда қауіпсіздік белбеулері, сөмкелерге арналған сөрелер, бейнебақылау камерасы бар. Тағы бір басым тұсы – қозғалысы шектеулі, яғни жүріп-тұруы қиын балалар үшін арнайы көтергіш қарастырылған.

«38 орындық автобустардың құны 49 миллион теңге, 22 орындық автобустар 38 миллион 900 мың теңгеден алынды. Біріншіден, автобустар 60 шақырымнан аспайтын деңгейде жүреді. Екіншіден тасымалдау кезінде ішінде климат контролы қамтылған. Толық видео камера. Ерекшелігі бар балаларға қатысты пандустар әр автобуста жасалған. Шақыру кнопкалары әр рядта бар»- деді білім басқармасының міндетін атқарушы Мұхит Нысанбаев.

Ал бұл автобустар облыстағы қажеттілікттерді өтейді ме деген сауалымызға Мұхит Аманқұлұлы былай жауап берді. 

«Қажеттілікті толық шешу мақсатында  қазір осы 14 автобус алынды. Облыс бойынша оқушыларды 110 автобус тасымалдайды. Оның 54-нің тозығы жеткен. Осы ескі автобустардың 13 пайызын мына жаңадан келген көліктер шешіп жатыр. Және біз болашақта  автобус паркін жаңартамыз»- осылай деп түсіндірді жауапты басшы.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Таразда жамбылдық мектеп оқушыларын тасымалдайтын 14 жаңа автобус пайдалануға берілді. Автобустардың кілті Тараз қаласына 5, Шу ауданына 3, Жамбыл ауданына 2 , Жуалы, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай аудандарына 1автобусттан білім бөлімдерінің басшыларына табысталды. 

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар