жұма, 20 қыркүйек, 2024 18:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жайылымнан жылқы ұрлап, оны сойып сатқандар ұсталды

Жайылымнан жылқы ұрлап, оны сойып сатқандар ұсталды
"Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында

Жамбыл облысында жайылымнан жылқы ұрлап, оларды сойып сатқан қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Жамбыл облысы полиция қызметкерлері "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында қылмыстық топтың іс-әрекеттерін әшкереледі. Олардың алдын ала жоспар құрып Байзақ, Жамбыл аудандарының аумағындағы  жайылымдардан бірнеше рет жылқы ұрлағандары анықталды. Қылмыстық топ ұрланған малды сойып, сатып отыр. 

«Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ, олардың бұдан басқа 4  мал ұрлау дерегіне қатысы бар екені және ұрланған 5 жылқы малын сойып сатқандары анықталды. Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр»- деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар