дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекетке 22 млн теңге зиян келтірген «Таза-Талас» басшысы сотталды

Мемлекетке 22 млн теңге зиян келтірген «Таза-Талас» басшысы сотталды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Сот оны жеті жыл бас бостандығынан айырды

Жамбыл облысында «Таза-Талас» басшылығы мемлекеттік мүлікті жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Жамбыл облысының прокуратурасы хабарлағандай, заң бұзу фактісін Талас ауданының прокуратурасы анықтаған.

Мәліметке сүйенсек, «Таза-Талас» басшысы компания теңгерімінде тұрған 4 автокөліктерді жалған құжатпен, яғни, заңсыз жолмен үшінші тұлғаларға сатып жіберген.

«Мемлекетке келген залал мөлшері 22 млн теңгені құраған.Аталған дерек негізінде Талас ауданының прокуратурасы ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ipi мөлшерде талан-таражға салу фактісі бойынша) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастаған. Іс шеңберінде прокуратура құны 10 млн теңгені құрайтын 2 автокөлікті қайтарылып, 7 млн теңге мемлекет пайдасына өндірілді», - деп хабарлады Жамбыл облысының прокуратурасы.

Осылайша, Талас аудандық сотының 2024 жылғы 13 маусымдағы үкімімен «Таза-Талас» мекемесінің директоры және оның орынбасарына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар