Тараз тұрғыны үш қабатты тұрғын үйді заңсыз салғаны үшін 38 мың теңге айыппұл төлейді
- авторҚұралай Сейсенбекқызы
- 21 маусым, 2024
- 1.1k
Таразда үш қабатты тұрғын үйді заңсыз салған азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралып, 38 мың теңге айыппұл салынған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Соттың анықтауы бойынша, 2024 жылдың мамыр айында нысанды жоспардан тыс тексеру барысында құқық бұзушы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органды құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламай, өз еркімен үш қабатты жеке тұрғын үйдің құрылысын бастаған.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңға сәйкес құрылысқа тапсырыс беруші нысанды ҚР заңнамасында көзделген барлық қажетті рұқсат құжаттарымен қамтамасыз етуге міндеттелген.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейін тапсырыс беруші мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабардар етуге міндетті. Ер адам сотта өз кінәсін жоққа шығарған жоқ.
Сот шешімімен оған 38 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді
- авторМағжан Орынбасар
- 15 қаңтар, 2026
Жамбылда аса ауыр қылмыс көрсеткіші 48,3 пайызға төмендеді
- авторМағжан Орынбасар
- 15 қаңтар, 2026






