сәрсенбі, 27 қараша, 2024 7:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мереке күндері санитарлық талаптар барынша сақталуы тиіс

Мереке күндері санитарлық талаптар барынша сақталуы тиіс
ашық дереккөзі
Мереке күндері санитарлық талаптар барынша сақталуы тиіс
Соңғы мәліметтер бойынша Жамбыл облысында коронавирустың жалпы 21 375 жағдайы тіркелген. Өткен аптада анықталған науқастар саны 10-нан асқан жоқ. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте айтылды. Аймақ басшысы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты екенін жеткізіп, дегенмен бір сәтке де босаңсуға болмайтынын, санитарлық талаптардың қатаң сақталуын назарда ұстау керектігін баса айтты.
- Негізгі міндет – коронвирусқа қарсы вакцинациялау  жоспарын толығымен аяқтау. Қазіргі таңда көрсеткіш – 99,2%. Мерекелік демалыстар таяп қалды. Осыған орай санитарлық талаптардың сақталуын барынша қадағалау керек. Мереке күндері емханалар, ауруханалар, кезекші дәрігерлер, жедел жәрдем көліктері қырағы жұмыс істеуі тиіс. Жасөсіпірімдер мен жүкті әйелдерді Pfizer вакцинасымен қамту және  ревакцина бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу керек,- деді аймақ басшысы.
Жиында ауыл шаруашылығына инвестиция тарту, су үнемдейтін жаңа технологияларды енгізу, арық-тоғандарды тазалау, құдықтар қазу, балық шаруашылығын дамыту бойынша мәселелер сараланып, тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.
- Жыл аяқталып келеді. Берілген барлық тапсырмалар толығымен орындалуы керек. Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер былтырғыдан және республикалық деңгейден төмен болмауы тиіс. Қай салада кейін қалып келеміз, сол бойынша жұмыстарды күшейтіңіздер. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылаудан шығарып алмаңыздар. Бұл басты міндеттердің бірі. Инфляция 108 пайыздан аспауы қажет. Ең бастысы қаржыны толығымен игеру керек,- деді Б. Сапарбаев.
Аймақ басшысы облыс орталығындағы аудан күндерінің сәтті өткенін айтып, оған атсалысқандарға ризашылығын жеткізді.  Енді мереке күндері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін, әр аудан өнерпаздарының қатысуымен қорытынды концерт, «Өнер барысы» секілді шараларды сапалы ұйымдастыруды тапсырды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар