Меркідегі мердігерлер жұмысына неге салғырт қарайды – әкім жауабы
- авторМағжан Орынбасар
- 27 қараша, 2024
- 327
Бүгін ӨКҚ баспасыз алаңына Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубеков келіп, ауданда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Баспасөз алаңында шенеунікке бірқатар сұрақ қойылды. Соның бірі – аудандағы тау-кен өндірісі бойынша көрсеткіш орындалмауы. Жорабек Баубековтың сөзінше, биыл жер қойнауын игерушілердің өніміне сұраныс азайған. Өйткені, өткен жылы жол құрылысына қиыршық тас керек болуына байланысты тау-кен өндірісі қызу жұмыс істеген. Ал, биыл сұраныс аз болған соң өндірілген өнім көлемі де соған сай болған.
- Бізде тау-кен өндірісімен шұғылданып отырған 3 карьер бар. Былтырдан бері «Меркі-Бурылбайтал» тас жолы салынып жатыр. Соны қиыршық таспен қамтамасыз ету арқылы өнім көп өндірілген. Ал, қазір бұл жол аяқталуға жақын. Ал, біздегі тау-кен өндірушілер тек қиыршық тас түрлерін ғана шығарады,- деді әкім.
Бұдан бөлек, Меркіде мердігерлердің жұмысына салғырт қарайтыны соңғы кезде жиі айтылып жүр. Мысалы, білім мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізуде мердігер компания Ақтоған мен Мыңқазан ауылдарындағы мектептердегі жұмысты бірнеше айға созып жіберді. Салдарынан оқушылар ауылдағы мәдениет үйінде оқуға мәжбүр болды. Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов балалар білім алып жатқан нысанның санитарлық талапқа сай келмейтінін айтқан. Мектептегі күрделі жөндеу жұмысы біткенімен, жұмысына селқос қарайтын мердігерлер мәселесі өзекті. Оның тағы бір көрінісі соңғы 3 жылда жоспарланған жол құрылысы аяқталмай, келесі жылға қалдырылуы болып отыр. Мұның саны 20-ға жуықтайды. Осындай фактілер Бабековке қойылған сұрақта қамтылды. Алайда, Меркінің әкімі «уақытында бітпеген жұмыстарда әкімдіктің кінәсі жоқ» деді. Оның сөзінше, мердігер жұмысына қадағалау тиісті деңгейде жүргізіліп отырған.
- Жалпы 2 жылда біз 232 көшені жөндедік. Бұған 7 мердігер қатысты. 2 мердігер жұмысын дұрыс атқармай, мәселелер туындады. Бұлар бойынша біз қазір айыппұл салу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Ал, мектептердегі жұмысты атқарған мердігерлерді жосықсыз деп айтуға болмайды. Бұл жерде мемлекеттік сатып алудың кері әсері деп ойлаймын. Енді бұл бойынша заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Келесі жылдан бастап алгоритм өзгеріп, көзқарас та өзгереді. Жалпы мердігерлерге бақылау толыққанды жүргізілді. Бұл жөнінде әкімдік тарапынан да, техникалық бақылаудан да кемшілік жоқ,- деді Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубеков.
Жамбылда жас мемлекеттік қызметшілер форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
«Тараздағы митинг». Әкімдік ресми мәлімдеме жасады
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2024
«Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» тақырыбында поэзия марафоны өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 11 желтоқсан, 2024