Жамбыл жаңалықтар
Мойынқұм ауданында қуаттылығы 1 ГВт болатын ЖЭС салынады
- авторjambylinfo.kz
- 20 сәуір, 2023
- 179
Мойынқұм ауданында қуаттылығы 1 ГВт болатын ЖЭС салынады
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Астана қаласында франциялық Total Eren компаниясының басшылық өкілдерімен кездесті. Кездесуге ҚР сыртқы істер министрлігі инвестициялар жөніндегі комитет төрағасы Ардақ Зебешев және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ басшылары да қатысты. Басқосу барысында Мойынқұм ауданында қуаттылығы 1 ГВт болатын жел электр стациясын салу жобасы талқыланды. Компанияның вице-президенті Антуан Гарре өздерінің табиғат тазалығына құрметпен қарайтындықтарын жеткізіп, жобаның қоршаған ортаға әсерін азайту бағытында зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол жобаға қолайлы жерді анықтау үшін негізгі және балама орындар қарастырылып отырғанын атап өтті. Аймақ басшысы жергілікті билік жобаға қолдау көрсетуге дайын екенін айтып, әкімдік тарапынан жер телімін бөлу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы тоқталды. - Бұл жоба біз үшін де маңызды. Оған жер телімін бөлу үшін тиісті заңға өзгерістер енгізуге қатысты жұмыстар жүргізілуде. Мәселені жедел шешу бойынша министрліктердің қолдауына ие болып отырмыз. Біз жобаны табысты іске асыру үшін компаниямен бірлесіп әрекет етуге дайынбыз,-деді Нұржан Нұржігітов. Айта кетейік, компания өкілдері 26-27 сәуір күндері Тараз қаласында өтетін «ZHEIF-2023» халықаралық инвестициялық форумға қатыспақ.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала