Мойынқұмда 45 келі балық ұстаған азамат ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 26 мамыр, 2025
- 264

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері балық шаруашылығы инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз балық аулау дерегін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол Мойынқұм ауданы маңындағы көлдердің бірінде ескекті қайықпен, жалпы салмағы 45 келіден астам балықты заңсыз аулап үлгерген.
- Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 335-бабының 3-бөлігі, 2-тармағына сәйкес (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жамбыл облысының Полиция департаменті уылдырық шашу кезеңінде балық аулау балық популяциясының азаюына әкелетінін ескертеді. Азаматтарды заңнамаларды сақтауға, флора мен фаунаға және экологияға зиян келтірмеуге шақырады, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Жамбыл облысы аумағында табиғатты қорғауға бағытталған «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Жамбыл ауданында 15,2 шақырым жол жөндеуден өтеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 шілде, 2025
Байзақтықтар 15 жыл көтерген мәселе оң шешімін тапты
- авторМағжан Орынбасар
- 13 шілде, 2025