бейсенбі, 19 маусым, 2025 17:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Азия шыңындағы айбын: Қазақстан каратэшілері 10 медальмен чемпион атанды

Азия шыңындағы айбын: Қазақстан каратэшілері 10 медальмен чемпион атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Ташкентте каратэден өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы көш бастады

Байрақты бәсекеде ұлттық құрама 10 жүлде жеңіп алды, оның төртеуі – алтын медаль, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жарысқа 29 елден 500-ге жуық спортшы қатысқан бұл бәсекеде қазақстандық каратэшілер ерекше көзге түсті. Әйелдер арасында 68 келіде Дайяна Даренская мен 68 келіден жоғары салмақта Софья Берульцева қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионы атанды. Ерлер арасында 55 келіде Жоламан Биғабыл мен 75 келіде Нұрқанат Әжіқанов жеңіс тұғырынан көрінді.

Сонымен қатар, Мөлдір Жаңбырбай, Әсел Қанай, Данияр Юлдашев пен Диас Ұлбек қола медальға ие болды. Командалық сайыста қыздар құрамасы күміс, ерлер құрамасы қола жүлдені еншіледі.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші орынға тұрақтаса, Жапония – екінші, Вьетнам – үшінші орынды иеленді. Ал үздік бестікке Иордания мен Иран да енді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар