«Наурызнама онкүндігі»: Жамбылда Наурыз мерекесі 10 күн тойланады
- авторМағжан Орынбасар
- 14 наурыз, 2024
- 839
Ұлана Сламбекова атап өткендей, бүгін Тараз қалалық мәдениет үйінде этнос өкілдері, ардагерлер, жастардың қатысуымен Көрісу күніне арналған мәдени іс-шара өтті. Осындай іс-шаралар облыстың барлық аудандарында ұйымдастырылған. Ал, ертең «қайырымдылық» күні өтеді.
«Осы күні жастар «Ардагерлерді ардақтайық» қайырымдылық акциясына қатысып, облыстағы қарттар үйі, дағдарыс орталықтары, балалар үйіне концерт қояды, волонтер де ат салысады. Бұл күн Рамазан айының бірінші жұмасымен сәйкес келетіндіктен, мемлекет басшысының атынан облыс әкімінің ауызашары өтеді. Осы күні барлық аудан мен Тараз қаласы әкімдері ауызашар береді», - деді ішкі саясат басқармасының басшысы.
Ал, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай хабарлағандай, іс-шара өтетін алаңға тұтас бір этноауыл тігілген. Алаңдағы Шеберлер ауылында қолөнер шеберлері мастер-класстар ұйымдастырылып, шеберлер сол жерде бұйымдар жасайды. Сонымен қатар, 2 әуе шары болады деді Ерлан Жүнісбай.
"Шарлардың сыртына «Әз Наурыз», «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» деген жазулармен безендіріледі. Алаңдағы келесі бөлім садақ ату, одан кейін «Топжарған» этно-өнер орталығы көшпенді халықтардың жауынгерлік ойындарын көрсетеді. Мұнда тек ойындар ғана өтіп қоймай, жиналған халыққа оның мән-мағынасы дәріптеледі. Негізгі іс-шара өтетін сахнада мерекелік шара театрландырылған көрініспен басталып, балалар хорымен жалғасады,- деді ол.
Сонымен қатар, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметовтың сөзінше, 20 наурыз күні Тараз қаласы мен аудандарда ұлттық спорт түрлерінен 44 жарыс ұйымдастырылады.
Іс-шара мыңға жуық адамды қамтиды деген жоспар бар. Жеңімпаздар тиісті дәрежелі медаль, диплом және естелік сыйлықтармен марапатталады,- деді Арман Ташметов.
Бұл наурыз мерекесі басқалардан өзгеше (Аңдатпа)
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024