Қазақстанда бір әйел адам 116 рет кредит, ал бір адам 69 рет кредит алған – зерттеу
- авторjambylinfo.kz
- 14 наурыз, 2024
- 1.4k
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылы жүргізілген банк секторы активтерінің сапасын тұрақты бағалау (AQR) деректеріне негізделген демографиялық талдауын жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Осы зерттеуде Қазақстандағы жастар мен қарт кісілердің, әйелдер мен ерлердің кредит тарихы, кредит саны және кредиттің құны бойынша деректер көрсетілген. Сонымен қатар, қарыз алушылардың гендерлік-жас ерекшелік мінездемелерін ескере отырып, олардың мінез-құлықтық аспектілеріне назар аударрылған.
Зерттеуге сүйенсек, қазір қазақстандықтардың тұтынушылық несиесінің көлемі 6,9 трлн теңге, ал ипотекалық (Отбасы банкінің деректерін есепке алмағанда) және қамтамасыз етілген қарыздар портфелінде әрқайсысы 1,6 трлн теңге. Осы зерттеудің гендерлік бөлігінде Қазақстанда әйелдер арасында ұсақ-түйек дүниелерге несие көп беріліп жатқаны жазылған.
"Гендерлік талдау. Орташа алғанда, ерлер мен әйелдер екі қарыздан алады, алайда әйелдерде көптеген ұсақ қарыздар ресімдеу беталысы байқалады. Бір ер адам алған қарыздардың ең көп саны 69 қарызды құрайды, бұл өткен жылғы ең көп қарыз алған адамға қарағанда 10 қарызға кем, ал әйелдер арасындағы қарыздардың ең көп саны өзгермеген түрде қалды, және 116 қарызды құрайды", - деп жазылған талдауда.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 527 теңгеден саудаланып жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024