"Қоғамдық психологиялық қауіпсіздігі: суицид, буллинг, лудомания" тақырыбында қалалық семинар өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 10 сәуір, 2025
- 226

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде "Қоғамдық психологиялық қауіпсіздігі: суицид, буллинг, лудомания" тақырыбында қалалық ғылыми- әдістемелік семинар өтті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Әлеуметтік психология" кафедрасы ұйымдастырған іс- шараға меморандум шеңберінде құқық органдары және төтенше жағдай қызметкерлері, сонымен қатар оқу орталықтарының психологтарымен бірлесіп семинар- тренинг өткізілді.
Осы тақырып өзекті болғандықтан, тұлғаның психоәлеуметтік жағдайын жақсарту, әлеуметтік мәселелерге деген жауапкершілікті арттыру, жастарды бүгінгі қоғамдағы кең таралған зиянды әдеттерден аулақ болуға, сапалы білім алып, саналы тәрбиеге ұмтылуға шақыруға бағытталды. Іс- шара барысында теориялық және практикалық білім тәжірибемен ұштастырылды. Қатысушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, әдістемелік ұсынымдар мен пікір алмасты.