Жаңалықтар
Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды
- авторАрайлы Жақсылық
- 10 сәуір, 2025
- 734
Талғардағы қайғылы оқиғадан кейін алты ай өткен соң, 10 сәуір күні сағат 12:00-де Талдықорғанда 16 жастағы жасөспірімді өлтіру ісі бойынша сот процесі басталды.
Алдын ала тыңдау Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік тілде, ашық түрде өтеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Сот алдында 9 адам жауап береді. Тергеу барысында 40 сот-медициналық сараптама жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынған. Қылмыстық істің көлемі 62 томнан тұрады.
Еске салсақ, 2024 жылғы 4 қазанда Талғар қаласында жаппай төбелес болып, соның барысында 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан қаза тапты. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша тергелуде. Қазіргі таңда 11 күдікті қамауға алынған.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қарулы күштерде әскери қызметшілерді мамандық бойынша дайындау басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем кімдерге беріледі
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025






