Облыс әкімі өндіріс саласының мамандарымен саяси реформаларды талқылады
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 16:40
- 50
Кездесу барысында өңір басшысы жаңа Ата заң жобасының мәні мен мазмұнына, негізгі бағыттарына тоқталып, облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиевтің аймақ атынан Конституциялық комиссия құрамында ел тарихындағы аса маңызды миссияны абыроймен атқарып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ербол Қарашөкеев жаңа Конституцияның адам мен ел дамуына бағытталғанын, онда адам құқықтары, қоғамдағы бірлік пен келісім, елдің тәуелсіздігі мен тұтастығы, әділеттілік, заң үстемдігі және экология мәселелері Конституция деңгейінде бекітілгеніне назар аударды.
Жиын барысында аталған ЖШС бас директорының орынбасары Әбдіғали Айтжанов пен энергия ресурстарын жабдықтау цехы бастығының орынбасары Бексұлтан Болғанбек өз ойларын ортаға салды.
Облыс әкімі жиынды қорытындылап, еңбеккерлерді ел мүддесі жолындағы саяси шешімдерді қолдауға шақырды.



