сейсенбі, 13 мамыр, 2025 13:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов құқық қорғау саласының өкілдерімен және жастармен кездесті

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов құқық қорғау саласының өкілдерімен және жастармен кездесті
Фото - Jambylinfo.kz
Жиынға студенттер мен белсенді жастар қатысты

Бүгін «Заң және тәртіп» қағидаты  аясында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов пен құқық қорғау саласының өкілдері жастармен кездесті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Шараға М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің оқытушылары мен студенттері және белсенді жастар қатысты.

Жиында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қоғамда заң мен тәртіп үстемдік құруы керектігін айтып, жастарды  осы бастамаға атсалысуға шақырды.

- Заң мен тәртіптің дұрыс үйлесімі – қоғамның дамуына, өздеріңіздей жастарымыздың қауіпсіздігі мен бостандығына негіз болады. ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық өңірлерінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында кездесулер ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта облысымыздың әр ауданында осындай шаралар өткізілетін болады - деді облыс әкімінің орынбасары.

Ал, полиция департаменті бастығының орынбасары жастар арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша қабылданған шараларға тоқталып, жауапкершілік мәселесі жөнінде де түсініктеме берді.

- Біздің қоғамымызда Заң мен тәртіп үстемдік құруы тиіс. Осы бағытта полиция департаменті бірқатар жұмыстар атқаруда. Атап айтқанда қылмыстың алдын алуда, алкогольдік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін 5 645 құқық бұзушы жауапқа тартылды. Алкоголь өнімін заңсыз сатудың 367 дерегі анықталып, 211 жеке кәсіпкердің алкоголь өнімін сатуға арналған лицензиясы уақытша тоқтатылды. ІІО-ның профилактикалық есебіне 121 нашақор және 396 маскүнем қойылды. Қоғамда Заң мен тәртіпті қамтамасыз ету ол - ортақ мақсатымыз. Біз әрбір азамат өзін қауіпсіз сезініп, заң бұзушылықтың кез келген түрі жазасыз қалмайтынына сенімді болуын қалаймыз,- деді Бауыржан Жанаев.

Сонымен қатар шарада Тараз қаласының прокуроры және М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры баяндама жасап, «Заң және тәртіп» қағидаты аясында атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарларымен бөлісті.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар