Жамбыл жаңалықтар
Облысты дамытудың бес жылдық бағдарламасы бекітілді
- авторjambylinfo.kz
- 21 қаңтар, 2021
- 367
Облысты дамытудың бес жылдық бағдарламасы бекітілді
Аймақта 2025 жылға қарай ауыл халқының сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі жүз пайызды құрайды деген жоспар бар. Бұл туралы апта басында өткен жетінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясында айтылды.
Кезектен тыс сессияның күн тәртібіндегі талқыланған басты мәселе Жамбыл облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту төңірегінде өрбіді. Бұл бойынша облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндады.
– «Nur Otan» партиясы саяси кеңесі Бюросының 2019 жылғы 16 тамыздағы отырысында Тұңғыш Президент – Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев әрбір өңір және аудан үшін 2025 жылға дейінгі жаңа форматтағы Аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды. Аталған міндеттерді іске асыру мақсатында үкіметтік емес және жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлерін тарта отырып, жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық кеңестердің өкілдерінен және мәслихат депутаттарынан тұратын жұмыс тобы құрылып, Жамбыл облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы әзірленді.
– Бағдарлама жобасы халықтың өмір сүру сапасын одан ары жақсартуға, өңірлердің экономикасын дамытуға және проблемалық мәселелерді шешуге бағытталып, негізгі 3 бағыт айқындалды. Атап айтқанда, олар – «Өңір экономикасының өсуі», «Әлеуметтік сала», «Инфрақұрылымды дамыту және өңірдің қауіпсіздігі» бағыттары.
Бағдарлама жобасына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен барлық өңірлер үшін айқындалған16 индикатор енгізілді.Сондай-ақ ауылдық елді мекендердегі жайылым жерлерді ұлғайту, апатты және үш ауысымды мектептер, құқық тәртібі мәселелерін шешумен байланысты дербес индикаторлар айқындалып, енгізілді. Жалпы бағдарламаны іске асыруға барлық қаржыландыру көздерінен 1,5 триллион теңгеге жуық қаржы қарастыру көзделуде. Алдағы
5 жылда өңір экономикасының тұрақты өсуі экономиканың нақты секторын және көрсетілетін қызметтер саласын одан ары дамыту есебінен қамтамасыз етілетін болады. 2025 жылға қарай жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі 103 пайыздан 104,6 пайызға артып, 2,7 триллион теңгеге жетеді деп жоспарлануда, – деді басқарма басшысы.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала