Жамбыл жаңалықтар
Қордайға «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу» тобының мүшелері келді
- авторjambylinfo.kz
- 8 қыркүйек, 2020
- 310
Қордайға «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу» тобының мүшелері келді
Қордай ауданына облыс орталығында құрылған «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу» тобының мүшелері келіп, бірнеше елді мекенді аралап, халықпен кездесті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған топ құрамына бірнеше облыстық басқармалардың жетекшілері кірді. Ал, «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу» тобына жетекшілік ету үшін облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков таңдалды.
Аты айтып тұрғандай бұл топтың басты мақсаты азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін анықтап, баға беріп, шешу жолдарын қарастыру. Ең әуелі топ мүшелері аудан әкімдігінде жиналыс өткізді. Аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Жамангозовтың төрағалығымен өткен кездесуде Жорабек Баубеков көпшілікті топтың құрамымен және жұмыс жоспарымен таныстырып шығып, сапарларының мақсатын да тілге тиек етті.
Өз сөзінде Жорабек Нұрмергенұлы Президенттің 1-қыркүйек күні Қазақстан Халқына арнаған жолдауын сөз етіп, Мемлекет басшысы Жолдауда әлеуметтік мәселелерге кеңінен тоқталғанын атап өтті. Осы міндеттерді орындау «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу» тобының мақсаты екенін жеткізіп, басты проблемаларға тоқталды.
- Біздің міндетіміз халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерттеп, тұрғындардың проблемеларына құлақ түріп, көмек беру. Әрине, кез-келген әлеуметтік мәселе бірінші кезекте жұмыссыздықтан басталады, содан кейін тұрғындардың тиісті біліммен қамтылуы, денсаулығы, тағы басқасы. Қордай ауданында біз бірнеше елді мекенді аралап, аз қамтылған, көп балалы және көмекке мұқтаж азаматтармен кездесеміз және бірнеше іс-шара өткіземіз. Сонымен қатар, Қ.Тоқаевтың Жолдауын наситтау жұмысы да бар, – деді Жорабек Баубеков.
Осыдан кейін аталмыш топ мүшелері Әлжан ана және Степной ауылдарында тұрғындармен жиын өткізіп, қоғамдық қабылдау жүргізді. Бұл кездесулерде Жорабек Баубеков өздерінің келген мақсатын және Жолдауды кеңінен насихаттап, жақында ауданда «кризистік орталық» ашылатынын атап өтті. Бұл орталықта тұрғындардың тұрмыстық проблемаларын шешуге арнайы мамандар көмек көрсететін болады-мыс. Кейіннен, қоғамдық қабылдау барысында ауыл тұрғындары топ мүшелеріне көкейіндегі сұрақтарын жолдап, жауаптарын алды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала