жұма, 22 қараша, 2024 11:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық жастар шыңды бағындырды

Жамбылдық жастар шыңды бағындырды
ашық дереккөзі
Жамбылдық жастар шыңды бағындырды

Жақында Қазақстан Республикасы Конститутциясына 25 жыл және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығы» мен «Геккон» спорттық-туристік клубы «Достық шыңы» атты альпиниядасын ұйымдастырды. Өңірдің туризімдік саласын ілгерілету, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оларды отансүйгіштікке және достық қарым-қатынасты нығайтуды мақсат еткен альпиниядаға қатысқан жамбылдық еріктілер расымен биіктен көріне білді. Биіктен көрінгені сол, алдымен Т.Рысқұлов ауданында орын тепкен Қырғыз тау қыратында (Батыс Тянь-Шань) орналасқан биіктігі 3817 мертге жетіп жығылатын «Сұлу төр» (Северный Манас) шыңының маңына келіп тоқтаған алпенистер көп ұлтты еліміздегі ұлтаралық достықты нығайту үшін тауға «Достық шыңы» атауын берді. Альпинияда соңында шыңды бағындырған жастарға арнайы сертификат табысталды. – Бүгін аудан жастарымен үлкен іс атқардық. Олардың бойындағы ыстық қайрат, алға қойған межеге деген талпынысы бұлтпен көмкерілген құзды бағындыруға көп септігін тигізді. Осы аудандық газеттегі сұхбатымды пайдалана отырып, жамбылдық жастармен мақтанатынымды айтқым келеді, – дейді аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» директоры Маханбет Рахимжанов.

Ақжігіт Жетпісбай, Жамбыл ауданы

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар