жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 16:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Отбасылық жанжал себеп болған». Тараздық әйел көпірден секіріп өлмек болды

«Отбасылық жанжал себеп болған». Тараздық әйел көпірден секіріп өлмек болды
бейнежазбадан скриншот
Бірақ тәртіп сақшылары бұған жол бермеді

Жамбылдық полицейлер көпірден секірген әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Тараз қалалық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын көпірден секіру арқылы өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама түскен.

  • Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері әйелді ниетінен бас тартуға сендіру үшін бар күш-жігерін салды. Әйел секірмек болған сәтте полиция қызметкері оны киімінен ұстап қалмақшы болған. Алайда ол полицейдің қолынан шығып кетіп, суға құлап кеткен,- деді ПД баспасөз қызметі.

Осылайша жедел әрекетке көшкен полиция лейтенанты Әлиайдар Рысмұхамбетов қатты ағысты өзенге секіріп түседі.

  • Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкері және жақын маңдағы жергілікті тұрғынмен бірге әйел құтқарылып, жағаға шығарылды. Құлаған кезінде оның футболкасы жыртылып қалғандықтан, полиция қызметкері оған қамқорлық көрсетіп, өз киімін кигізген,-деді құзырлы орган.

Әйел өзінің шарасыз әрекетіне отбасылық жанжалдың себеп болғанын түсіндірген.

  • Келген жедел жәрдем бригадасы әйелге қажетті медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде,- делінген хабарламада.
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар