«Жанқош қашып жүр ме?»: Журналистермен кездесуге боксшының орнына адвокаты келді
- авторМағжан Орынбасар
- 26 тамыз, 2024
- 542
Журналистерге Жаңқош Тұраровтың орнына сұхбат берген адвокаты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Tengrinews.kz хабарлауынша, адвокат Жанқош шынымен де желідегі қызбен таныс болғанын айтқан.
"Мен бұл тұлғалар әлеуметтік желі арқылы таныс деп айта аламын. Олар интернет арқылы хат алмасқан. Бірақ хат алмасудың не туралы болғанын білмеймін. Мен қылмыстық іс материалдарынан қандай да бір мәліметті аша алмаймын, өйткені біз мәліметтерді жария етпеу туралы құжатқа қол қойдық", - деді ол баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ ол Тұраров қыз арызын қайта алуы үшін оған ақша ұсынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Біз қазір бірнеше нұсқаны қарастырып жатырмыз - олардың бірі - ауру немесе психикалық ауытқулар, екіншісі - хайп, танымал болғысы келеді немесе бұл біреудің тапсырысы. Немесе мен қазір жариялай алмайтын басқа факторлар бар, - деді адвокат Самат Мамұтов.