Президент кеңесшісі Ұлттық ұландықтармен кездесті
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 сәуір, 2025
- 172
Мәлік Отарбаев ҚР Ұлттық ұланы 5513 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімінің идеология саласы бойынша орынбасары Серік Сәлемов, ҚР Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің командирі, полковник Ғазиз Кәдірбек, «Жаңару» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиал басшысы Қасымхан Төлендиев және Ауғанстан соғысының ардагері Дүкенбай Ермеков қатысты.
Кездесу барысында алғашқы болып сөз алған қоғам белсендісі Қасымхан Естемесұлы ел алдындағы қызметін адал атқарып жүрген барлық құқық қорғау органдарының, соның ішінде ішкі әскерлер құрамындағы сарбаздардың еңбегін жоғары бағалап, шынайы алғысын білдірді.
Сонымен қатар, «Тараз қаласы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дүкенбай Ермеков ел бірлігін сақтау үшін патриотизмнің маңыздылығына ерекше тоқталды.
Жиын соңында сөз алған Мәлік Нұржанұлы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай аясында қозғалған өзекті тақырыптарды тілге тиек етіп, әділетті қоғам құру жолында Мемлекет басшысы ұсынған бастамалардың мән-маңызын кеңінен баяндады.