дүйсенбі, 28 сәуір, 2025 13:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған монеталар сатылымға шықты

Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған монеталар сатылымға шықты
Ұлттық банк
Монеталарда Жошы хан ескерткіші бейнеленген. Келесі жағында Алтын Орданың монеталарынан құралған коллаж бар.

Ұлттық банк «JOSHY ULYSY. 800 JYL.» арнайы монеталарды сатылымға шығарды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Онда мүсінші Ғазиз Ешкеновтің туындысы - Жошы хан ескерткіші бейнеленген. Екінші бетінде Алтын Орданың монеталарынан құралған коллаж бар.

Алтын жалатылған 925/1000 сынамалы күміс (777,5 г) — 100 дана

Алтын жалатылған 925/1000 сынамалы күміс (311 г) — 300 дана

Алтын жалатылған 925/1000 сынамалы күміс (31,1 г) — 1000 дана

Мельхиор (15 г) — 8 000 дана

Сатылым Ұлттық банктің сайтында жүргізілуде.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар