сенбі, 26 сәуір, 2025 4:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде Ұлы Отан соғысына қатысқан 111 ардагер қалды

Елімізде Ұлы Отан соғысына қатысқан 111 ардагер қалды
Фото: shutterstock
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қанша Ұлы Отан соғысының ардагері қалғанын мәлім етті.

Еңбек министрлігінің 1 сәуірдегі есебі бойынша 83 048 ардагер тіркелген, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 

Алайда оның  111-і ғана ҰОС ардагері.  

Жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 796 адам;

Басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының ардагерлері 26 553;

ҰОС жылдарында тылда еңбек еткен 39 588 адам бар.

Ардагерлерге мемлекет қанша жәрдемақы төлейді?

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылы аталған санаттардағы азаматтарға 4,3 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленген. Осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған.

2025 жылы ардагерлерге арналған төлемдердің мөлшері төмендегідей белгіленген:

1. Ұлы Отан соғысы ардагерлері – 16 АЕК (62 912 теңге).

2. ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар:

Жарақат, контузия немесе ауру салдарынан мүгедектік алғандар – 7,55 АЕК (29 687 теңге);

Жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілгендер – 6,19 АЕК (24 339 теңге).

3. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:

Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар – 6,19 АЕК (24 339 теңге);

Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауға, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы қақтығыстарды реттеуге қатысқан әскери қызметшілер – 4,8 АЕК (18 874 теңге).

4. ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 2,13 АЕК (8 376 теңге).

Сонымен қатар министрліктің мәліметінше, 2025 жылы 9 мамыр Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңгеден беру жоспарланып отыр.   

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар