дүйсенбі, 28 сәуір, 2025 6:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент кеңесшісі жамбылдық студенттермен кездесті

Президент кеңесшісі жамбылдық студенттермен кездесті
Фото: Jambylinfo.kz
Жиында жастар тарапынан бірқатар мәселе көтерілді

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жамбыл облысындағы жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан студенттермен кездесті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жиынға М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің профессор – оқытушылар құрамымен және студенттері қатысты.

Кездесуде сөз алған Мәлік Отарбаев  Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Президент «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының қабылдануы - білім беру мен ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесінің бастамасы екеніне ерекше тоқталды.

Сонымен қатар, қоғамдық сананы дамыту, саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастарды кітап оқуға ынталандыру бағытында ойларын ортаға салды. 

Сондай-ақ  Ұлттық құрылтай аясында елімізде іске асырылатын жоспарлар сөз болып, білім саласындағы тәрбие, жұмысшы мамандықтарды даярлауға қатысты мәселелер айтылды. 

Келелі басқосуда студенттер мен оқытушылар президент кеңесшісіне  сұрақтарын қойып, еркін форматта пікір алмасты.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар