дүйсенбі, 28 сәуір, 2025 2:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Наурыз 2025" ипотекалық бағдарламасы бойынша алғашқы несие берілді

"Наурыз 2025" ипотекалық бағдарламасы бойынша алғашқы несие берілді
Фото: ЖИ
Бұл туралы "Отбасы банкінің" баспасөз қызметі мәлімдеді

Бүгін "Наурыз 2025" ипотекалық бағдарламасына 1047 өтініш мақұлданып, алғашқы несие берілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Несие иесі – 26 жастағы жедел жәрдем фельдшері. Ол несие арқылы Орал қаласынан баспана сатып алған. Жалпы, банкке 35 мыңға жуық өтініш түскен.

Банк сайтында жарияланған қатысушылар тізіміне 12 мың адам енген. Олардың 38 пайызы – тұрғын үй кезегінде тұрғандар. Осы 12 мыңның ішінен шамамен 4,5 мыңы – әлеуметтік осал топ өкілдері.

Бағдарламаға қатысушылардың 7880-і Алматы, Астана және Шымкент қалаларында, ал 3,5 мыңы облыс орталықтарында тұрады. Қатысушылардың басым бөлігі 35 жасқа дейінгі жастар. Төрттен бірі – әскери қызметшілер мен арнайы орган қызметкерлері, яғни тұрғын үй төлемін алушылар.

Бағдарлама бойынша несиенің мақұлдану мүмкіндігі әр қатысушының банк жүйесінен жинаған ұпайына байланысты. Жинақтағы әр 1000 теңге үшін – 1 ұпай, ресми некеге – 5 ұпай, балалары барларға – 10 ұпай, әлеуметтік осал топ өкіліне – 10 ұпай, ал 35 жасқа дейінгі жастарға – 5 ұпай беріледі.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар