Жамбыл жаңалықтар
Президент Тараздағы әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынды
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 16:30
- 77
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Президент жамбылдықтармен кездесуінде Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
- «Мен бүгін Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа бардым. Бұл – оңтүстік аймақтарда ашылған осындай алғашқы оқу орны. Мен мектеп-интернатқа осы өлкенің тумасы, әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынамын. Осындай Бауыржан мектептері барлық аймақта ашылуы керек. Үкімет бұл мәселені пысықтайды. Біз жас ұрпаққа сапалы білім беріп, оларды отаншылдыққа тәрбиелеуіміз қажет», - деді президент.






