дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Әр туристен 30 мың теңге түседі». Жамбылда экотуризм қалай дамып жатыр

«Әр туристен 30 мың теңге түседі». Жамбылда экотуризм қалай дамып жатыр
Сурет: jambylinfo.kz
Жамбылға қызғалдақтарды көру үшін биыл 2 мың турист келген

«Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығының директоры Маханбет Рахымжановтың сөзінше, Жамбылға экотуризм арқылы биыл 2 мың турист келген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Жамбылда атақты қызғалдақтарды көру үшін келетіндер көбейе түсті. Өткен жылы қызғалдақтар үшін аймаққа 1400-ге жуық турист келсе, биыл олардың саны екі мыңнан асты. Маманның сөзінше, аймақтағы экотуризмның әлеуетін арттыру үшін қолға алынған жұмыстар бар.

«Тау шатқалдарында 10 туристік соқпақтар әзірленді. Маршрут құру көзделетін аумақтарды экспедициялық тексеру есебінің материалдары негізінде әр маршруттың паспорты әзірленді. 2019 жылдан бастап облыстық және республикалық деңгейлерде қызғалдақ гүлін қорғау және насихаттауға арналған фестиваль өтіп келеді. Осы уақытқа дейін бұл іс шараға 70-ке жуық туроператор және 5 шетелдік ғалым қатысқан»,- деді «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығының директоры.

Маханбет Рахымжановтың сөзінше, Жамбылға келген бір турист шамалап алғанда екі күнде 30 мың теңге жаратады. Сол үшін осы салаға бөлінген азғантай қаражат жыл сайын мемлекетке 4-5 еселеп қайтады екен. Сол үшін туризм саласының әлеуетн арттыру маңызды. Бірақ, Жамбылда туристік орындарды жарнамалау үшін қаржы бөлінбейді. Билік аймақтың әдемі жерлерінде түсірілген туындыларға иек артады. 

«Облыстың экологиялық тұрғыдағы көрнекті орындары туралы, қоршаған ортаға залал келтірмеу, әсіресе қызғалдақ гүлі өсетін табиғи аумақтарды сақтау мәселелері көтерілген  «Қызғалдақтар - Мұра» атты деректі фильм түсірілді. Алдағы уақытта осы бағыт бойынша жұмыс жалғасады»- деді Маханбет Рахымжанов.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар