жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Республика күніне орай Шу қаласында жаңа су нысаны пайдалануға берілді

Республика күніне орай Шу қаласында жаңа су нысаны пайдалануға берілді
Ашық дереккөз
25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында Шу ауданының Шу қаласындағы Қант зауыты мөлтек ауданында жаңа су нысаны пайдалануға берілді.

«Су жүйелері және су шығару ғимараттарының құрылысы» деп аталатын бұл жоба «Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің тапсырысымен, «Мелиоратор» ЖШС мердігер ұйымы арқылы жүзеге асырылды.

Жобаның негізгі мақсаты – Шу қаласының Қант зауыты мөлтек ауданын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және су тарту инфрақұрылымын жаңарту болып табылады. Нысанның жалпы желі ұзындығы 84,57 шақырымды құрайды, ал жер учаскесінің аумағы 1,5 гектарды қамтиды. Бұл жоба 1 739 абонентті, яғни шамамен 7 600 адамды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Нысанның іске қосылуы аудан тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды. Енді Шу қаласының Қант зауыты мөлтек ауданында тұратын тұрғындар ауыз суға қолжетімділікті арттырып, тұрмыс сапасын жақсарта алады. Ашылу салтанатына аудан әкімі, мердігер мекеме өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысып, жаңа нысанның маңыздылығына тоқталды.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар