жексенбі, 15 маусым, 2025 4:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өрт қауіпсіздігі мен экология: партиялық кеңесте өзекті мәселелер көтерілді

Өрт қауіпсіздігі мен экология: партиялық кеңесте өзекті мәселелер көтерілді
Фото: Jambylinfo.kz
Жамбылда экологиялық қауіпсіздік мәселелері көтерілді

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Экологиялық мәселелер» жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті. Басқосуда негізгі басымдық – өрт қауіпсіздігіне беріліп, экологиялық көрсеткіштердің орындалу барысы сараланды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жиынға кеңестің 13 мүшесінің 11-і қатысып, 2 мүше белгілі себептермен қатыса алмайтынын алдын ала хабарлаған. Сонымен қатар, жиынға партия облыстық филиалының төрағасы Дауыл Ынтықбайұлы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Медет Үрістенов, төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ералы Ақылбеков, «ҚазСуШар» облыстық филиалы директорының орынбасары Бағдат Бейсенқұлов, экология департаментінің басшысы Нұржас Нұрболат және орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі инспекциясының өкілі Дарына Айдарова қатысты.

Жұмыс барысымен өңірлерде жүрген кеңес мүшелері, аудан әкімдіктерінің жауапты өкілдері мен партия филиалдарының төрағалары онлайн форматта ZOOM арқылы қосылды.

Кеңес отырысында баяндамашылар биылғы аптапты жаз маусымында өрттің алдын алу шараларына ерекше тоқталды. Ерікті өрт сөндірушілердің әлеуетін арттыру, оларды қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету жайы да назардан тыс қалмады. Сонымен қатар, кеңес мүшелері саладағы өзекті мәселелерге тоқталып, шешімін күткен тұстарды нақтылауды ұсынды.

Басқосу соңында партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2025 жылға межеленген экологиялық көрсеткіштерді орындау қажеттігі баса айтылды.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар