дүйсенбі, 25 қараша, 2024 8:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өрт сөндіру машинасы өртті бу қысымы арқылы өшіреді

Өрт сөндіру машинасы өртті бу қысымы арқылы өшіреді
ашық дереккөзі
Өрт сөндіру машинасы өртті бу қысымы арқылы өшіреді
Өнертапқыш Марат Аюбаев біраз уақыт бұрын өрт сөндіру машинасын ойлап тапқан. Аталған жоба өртті сөндірудің тиімді жолдарын ұсынады, әрі тілсіз жауды жедел ауыздықтауға көмектеседі.
М.Аюбаев қазіргі кезде өрт сөндіру жүйесінде қателіктердің бар екенін айтады. Ол өзі ойлап тапқан өнертабысында жанармай құю бекеттерінде және қазандық орталықтарында жарылыс немесе өрт оқиғасы орын алған жағдайда қолданылатын тиімді жолдарды ұсынады. «Мәселен, өрт оқиғасы далада орын алса, сөндірудің машақаты көп. Сол өртті көп адамдар болса да, көп техника қатысса да, әрең өшіреді. Бұған көп шығын кетеді. Ал мен өртті бу қысымымен өшіру тәсілін ойлап таптым. Физикалық заң бойынша 1 текше метр судан 500 текше метр бу алуға болады. Сонда «Аюбаевтың өрт сөндіру машинасы» қазіргі 5 мың өрт сөнді­ру машинасымен бірдей», дейді Марат Аюбаев. Сонымен қатар «Аюбаевтың өрт сөндіру машинасында» орналасқан немесе оған жалғасқан ұңғы арқылы аталған машина өрт­ті жағалап, оны будың қысымы арқылы өшіріп отырады. Тіпті бұл тәсілге көп адам мен тех­ни­каның да қажеті жоқ. Өрт сөндіру машинасында 4-5 адам болса жеткілікті. «Аюбаевтың өрт сөндіру» машинасын басқа да жағдайларға қолдануға болады. Мәселен, бұл жоба жұқпалы инфекция таралған бөлмелер мен мүліктерді залалсыздандыруға, кене немесе басқа да улы жәндік­терді өлтіруге, қыстың күні қатып қалған су құбырларын ерітуге, цистерналарды немесе өзге де жа­нармай құйылған ыдыстарды бумен шаюға керек. Өнертапқыш өзі ойлап тапқан бұл жобасының өміршең екенін, адамға, қоғамға пайдалы екенін айтады. Тіпті ол 2019 жылы өрт сөндіру машинасын тәжірибе сынағынан да өткі­зіп көріпті. Оған Алматы қаласы­нан тиісті мамандармен қатар, Жамбыл облысының әкімдігі­нен және жергілікті төтенше жағ­дайлар департаментінен де мамандар қатысқан. Енді бұл жобасына еліміздің Тө­тенше жағдайлар министрлігі, Жамбыл облысының әкімдігі қолдау көрсетсе дейді.    
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар