Жаңалықтар
20 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой бокста үшінші рет жеңіске жетті
- авторjambylinfo.kz
- 12 шілде, 2021
- 202
20 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой бокста үшінші рет жеңіске жетті
Демалыс күндері Германияның Мюнхен қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Александр Ковригин (3-0, 2 КО) жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшының қарсыласы 26 жастағы тәжірибелі грузиялық боксшы Хвича Гиголашвили (17-47, 7 КО) еді.
Кездесу алты раундқа созылып, әділқазылардың ортақ шешімімен Александр Ковригиннің жеңісімен аяқталды.
Осылайша Александр кәсіпқой бокс рингіндегі үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетейік, 20 жастағы қазақстандық боксшының аталмыш саладағы жолы осы жылдың 13 ақпанында Германияның Эггенштайн-Леопольдсхафен қаласында басталған болатын.
Ол хорватиялық Филип Потуровичті (0-3) жеңіп, алғашқы жеңісін тойлады.
Арада бір апта өткенде, 20 ақпанда Ковригин рингке қайта оралып, осы қалада Грузия спортшысы Мишико Шубитидзені (17-18-3, 8 КО) нокаутқа жіберді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Өрт сөндіру машинасы өртті бу қысымы арқылы өшіреді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024