дүйсенбі, 15 желтоқсан, 2025 16:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Samruk-Kazyna Trust» қоры Жамбыл облысында 17 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды

«Samruk-Kazyna Trust» қоры Жамбыл облысында 17 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
2020–2025 жылдар аралығында өңірде жалпы құны 1,75 млрд теңге болатын 17 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан қайырымдылық бастамаларды жүзеге асыратын «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры Жамбыл облысының әлеуметтік инфрақұрылымын жүйелі түрде қолдап келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2020–2025 жылдар аралығында өңірде жалпы құны 1,75 млрд теңге болатын 17 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Бұл бастамалар балалар, жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сапасын жақсартуға, сондай-ақ спорт пен инклюзивті ортаны дамытуға бағытталған.

Жүзеге асқан жобалар қатарында – Тараздағы аутизмі бар балаларға арналған оңалту және ерте араласу орталықтары, Шу қаласындағы оңалту орталығы, Әлжан ана ауылындағы спорт кешені және өңір тұрғындары белсенді пайдаланатын басқа да маңызды әлеуметтік нысандар бар.

Қор өкілдерінің айтуынша, мұндай жобалар өңірлік инфрақұрылымды нығайтуға, әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті арттыруға және Қазақстан өңірлерінің тұрақты дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар