дүйсенбі, 15 желтоқсан, 2025 17:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қатты жел, аяз, тұман: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қатты жел, аяз, тұман: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
istockphoto.com
Еліміздің басым бөлігінде ауқымды циклон өз ықпалын жалғастыруда.

Синоптиктердің мәліметінше, осыған байланысты ел аумағында қар жаууы мен бұрқасын жалғасады, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ қалыптасуы мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Таулы аймақтарда бұрқасын күшейіп, көру қашықтығының төмендеуі ықтимал. Республика бойынша желдің екпіні сақталады: желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа жетіп, кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсуі болжанып отыр.

Ауа температурасының фонында да елеулі өзгерістер күтіледі. Батыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы 10–18 градус аяздан 3–13 градус аязға дейін ауытқып, күндіз 0–15 градус аяздан 3 градус аяз – 5 градус жылуға дейін көтеріледі.

Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнгі температура 7–15 градус аяздан 12–28 градус аязға дейін төмендейді. Ал күндізгі уақытта ауа температурасы 5–15 градус аяздан 8–18 градус аяз аралығында болады.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнгі мезгілде температура 3–11 градус аяздан 5–20 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 5 градус аяз – 2 градус жылудан 1–13 градус аязға дейін өзгеруі мүмкін.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар