Сарысу ауданында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
- авторМағжан Орынбасар
- 3 қыркүйек, 2025
- 562
Тоғызкент ауылдық округінде жаңа өрт сөндіру пунктінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Республикалық «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында салынған бұл маңызды пункт, баршамызды елең еткізбей қоймасы анық. Сонымен қатар «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.
Ашылу жиынына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов арнайы келіп қатысып құттықтау сөз сөйледі.

Өз сөзінде Шыңғыс Сайранұлы ел ішінде төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет ету – басты міндет екендігін айтты. Мұнан соң Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек құттықтау сөз сөйлеп, жаңадан ашылып отырған пунктің жұмысына табыс тіледі.
Жаңа бекеттің лентасын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек және ҚР құрметті депутаты, медицина саласының ардагері Жаңатас қалалық алқабилер кеңесінің төрағасы Сағынбек Бегеев салтанатты жағдайда қиды.
Сондай - ақ, барлық ауыл тұрғындарының атынан Тоғызкент ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төленді Еркінов сөз сөйлеп, осындай игі істерге ұйытқы болған Төтенше жағдайлар министрлігіне және облыс басшылығына алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Олжас Нұралдинов мәжіліс депутаты болды
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






