Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған мәдени шара өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 14 қазан, 2025
- 856
Жамбыл облыстық Шоқан Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «Шоқан асулары» кітапханалық жобасы аясында шығыстанушы, тарихшы, географ Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан Уәлиханов – қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыз» атты іс-шара өткізді.
Іс-шараға «Тарих» кафедрасының аға оқытушылары, тарих магистрлері Аида Альдибаева мен Рита Сентаева және университет білімгерлері қатысты. Қатысушылар ұлы тұлғаның өмірі мен қалдырған мұрасы жайлы тың деректер келтіріп, ғалымның қазақ мәдениеті мен ғылымындағы орнына тоқталды.
Көпшілік назарына Шоқан Уәлихановтың еңбектері мен өмір жолына арналған арнайы кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеде ғалымның зерттеу еңбектері, сапардағы жазбалары мен тарихи мұралары кеңінен қамтылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының біртуар перзенті Шоқан Уәлихановтың ғылыми және рухани мұрасын дәріптеу, жас ұрпақты ұлы тұлғаның өмірінен өнеге алуға баулу болды.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда идеология саласы бойынша алқа мәжілісі өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қаңтар, 2026
Жамбылда су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары пысықталды
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қаңтар, 2026






