жексенбі, 23 маусым, 2024 14:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шу ауданындағы Бірлік ауылының жолын жөндеуге 184 млн теңге бөлінген

Шу ауданындағы Бірлік ауылының жолын жөндеуге 184 млн теңге бөлінген
Сурет: jambylinfo.kz
Бұл туралы ауылдық округтің әкімі айтты

Бірлік ауылдық округінің әкімі Нұрбек Қарауловтың сөзінше, биыл ауыл көшелерінің жол жабындысын орташа жөндеумен қатар, 6,094 км жол осы жылы асфальттандырылады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Нұрбек Қарауловтың сөзінше, биыл Бірлік ауылының жолын жөндеуге жалпы  184 млн теңге бөлінген. Ал, келесі жылы 2 шақырымнан аса жол жөнделмек. 

"Бірлік ауылының 2025 жылға жоспарланған  автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына болжамды соммасы 85 млн тенге, 8 көшенің бұрылыстарының жалпы көлемі 2,351 км, яғни   жолдың экспертиза қортындысы жасалып сараптамадан өтті",- деді ауылдық округ әкімі.

Сонымен қатар, басқа да салалар бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталған әкім ауылда ауыл шаруашылығы неге дамымай жатқанын түсіндірді.

"Бірлік ауылдық округі бойынша жалпы жер көлемі 847,0 гектар. Ауылдық округте жер телімі аз болғандықтан ауылшаруашылық саласы дамымаған. Сондықтан  халық өздеріне тиісті малдарын ұстайды. Мал саны ірі қара 605, қой-ешкі 1797 бас, жылқы 44 басты құрайды",- деді Нұрбек Қараулов.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар