сәрсенбі, 15 қаңтар, 2025 3:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шудағы экономикалық аймақта аяқталмаған объектілер үшін жосықсыз мердігерлерден 2 млрд теңге өндірілген

Шудағы экономикалық аймақта аяқталмаған объектілер үшін жосықсыз мердігерлерден 2 млрд теңге өндірілген
фото - ашық дереккөзден
Сондай-ақ, бұрын тиімсіз жобаларға берілген 81 гектар жер қайтарылды

Жамбыл облысының прокуроры«Jibek Joly» АЭА-ның еңбек ұжымдарымен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
 
Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Шу ауданына шығып «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының еңбек ұжымдарымен кездесті.  


Прокуратураның арнайы экономикалық аймақтағы бұзушылықтарды жою бойынша қабылдаған шаралары - оның инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етті.

Атап айтқанда, прокуратураның талап қоюымен экономикалық аймақта аяқталмаған объектілер үшін жосықсыз мердігерлерден 2 млрд теңге өндірілді.  

Сондай-ақ, бұрын тиімсіз жобаларға берілген 81 гектар жер қайтарылды.

Бүгінде экономикалық аймақ аумағында инвестиция сомасы 26 млрд теңгеден асатын 3 жоба табысты іске асырылуда, қосымша 16 жобаны іске қосу қарастырылуда.

Жұмысшы мамандықтарының жарияланған жылы аясында облыс прокуроры қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтаудың және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Прокуратура органдары азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғау жөніндегі мақсатты жұмысты жалғастырады.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар