Жамбыл жаңалықтар
Сотталған азаматтарға Қажымұқан көркем фильмі көрсетілді
- авторМағжан Орынбасар
- 30 наурыз, 2026
- 262
Мекеме әкімшілігі алдағы уақытта да осындай тәрбиелік мәні бар іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыруды жоспарлап отыр
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде сотталған азаматтарға Қажымұқан көркем фильмі көрсетілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған іс-шараның мақсаты – сотталғандардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту, отансүйгіштік сезімін арттыру және ұлттық тарихқа деген қызығушылығын қалыптастыру. Фильм арқылы көрермендер қазақтың даңқты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы өмір жолымен танысып, оның ерлігі мен табандылығынан үлгі алды.
Мекеме әкімшілігі алдағы уақытта да осындай тәрбиелік мәні бар іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында «Таза аула» экологиялық акциясы өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 сәуір, 2026





