дүйсенбі, 30 наурыз, 2026 14:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда полиция мен тұрғындар арасында ашық диалог алаңы ұйымдастырылды

Таразда полиция мен тұрғындар арасында ашық диалог алаңы ұйымдастырылды
Фото: Polisia.kz
Кездесу салауатты өмір салтын насихаттайтын велошерумен жалғасты.

Тараз қаласындағы орталық Жеңіс саябағында "Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде халықпен біргеміз!" атты ауқымды іс-шара өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  

Жамбыл облысы полиция департаменті ұйымдастырған шараға жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, полиция қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, жастар мен тұрғындар қатысты. Іс-шараның мақсаты – полиция мен халық арасындағы байланысты нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Департамент бастығы Қайсар Сұлтанбаев қоғамдық қауіпсіздік – барша азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. Кездесу барысында полиция қызметкерлері киберқылмыс, жол қауіпсіздігі және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға құқықтық кеңестер берді.

Ашық диалог алаңында тұрғындар жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту, бейнебақылау камераларының санын арттыру, аула ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелерін көтерді. Барлық сұрақтарға тиісті түсіндірмелер беріліп, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.

Мұндай форматтағы іс-шаралар қоғам мен полиция арасындағы сенімді арттыруға ықпал етеді.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар