жұма, 3 мамыр, 2024 10:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Сотталғандар Наурыз мейрамында волейболдан бақ сынасты

Сотталғандар Наурыз мейрамында волейболдан бақ сынасты
ашық дереккөзі
Сотталғандар Наурыз мейрамында волейболдан бақ сынасты
Сотталғандар Наурыз мейрамында волейболдан бақ сынасты  width=  width=  width= Ырыс пен ынтымақтың, береке мен бірліктің жаршысына айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын сот шешімімен кінәлі деп танылған сотталғандар азаматтар да өз деңгейінде қарсы алды. Бұл күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер бұқаралық спорттан өзара кім мықтыны анықтады. Атап айтқанда, арнайы контингент волейболдан бақ сынасып, салауатты өмір салтын ұстану жолында тағы бір рет тер төкті. Тартысты өткен ойынның қорытындысына сай жеңімпаздарға мекеме әкімшілігі тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді. Айта кетейік, мекеме басшылығы сотталғандардың арасында мәдени-спорттық шараларды тек мереке күндері ғана емес, жүйелі түрде өткізіп тұрады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар