жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұстаздар күніне орай Жуалыда ерекше шара өтті

Ұстаздар күніне орай Жуалыда ерекше шара өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Ұстаздар күніне орай Жуалы ауданында «Ұстазыма алғыс!» мерекелік апталығы аясында бірқатар тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Бұл бастамалар педагогтердің әлеуметтік және кәсіби беделін арттыруға, жас ұрпақ бойына тәрбие мен білімді, адамгершілік пен мәдениетті, патриоттық құндылықтарды сіңіруге бағытталған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Осы игі шаралардың бірі – Назарбаев университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Ұлттық мәдениет орталығының басшысы, белгілі ғалым әрі Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Жуалы ауданының «Құрметті азаматы» Гүлтас Құрманбаймен өткен «Даналық пен парасат» атты тағылымды кездесу болды.

Кездесудің негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа Ұлы ақын Абайдың шығармаларындағы терең идеяларды түсіндіру, халық даналығын дәріптеу, жас буынға патриоттық сезім ұялату және педагогикалық ынтымақтастықты нығайту.

Іс-шара барысында Гүлтас Сайнқызы өзінің еңбектерін сыйға тартып, жастарға ғибратты ой-толғамдарын жеткізді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар