жұма, 3 мамыр, 2024 14:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Су тасқынына байланысты Таразда 20 сәуірге жоспарланған матч өтпейтін болды

Су тасқынына байланысты Таразда 20 сәуірге жоспарланған матч өтпейтін болды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Елімізде су тасқынынан кейін күрделі жағдай қалыптасуына байланысты Тараз қаласында жоспарланған «Freedom QJ league» матчының өтетін уақыты кейінге шегерілді

Қазақстан чемпионаты аясында «Тараз» бен «Астана» футбол клубтарының жасөспірімдер командалары арасындағы екінші маусымының ашылу матчы және осы матч аясындағы отандық эстрада жұлдыздарының концерті 20 сәуір күні өтпейді, деп хабарлайды  jambylinfo.kz.

Қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Еліміздің 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. Осыған орай Тараз төрінде өтетін думанды спорттық шараның уақыты кейінге қалды. 

Су тасқынымен күресуге спорт қауымдастығы белсене атсалысып жатыр. Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген жағдайды ескере отырып 2024 жылғы 20 сәуір күні Тараз қаласында жоспарланған «Freedom QJ league» Қазақстан чемпионаты аясында «Тараз» бен «Астана» футбол клубтарының жасөспірімдер командалары арасындағы екінші маусымының ашылу матчы және осы матч аясындағы отандық эстрада жұлдыздарының концерті кейінге шегерілгенін хабарлайды

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар