сәрсенбі, 18 желтоқсан, 2024 8:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Тұрғындар мәселесі шешіле ме?». Депутаттар көтерген мәселелердің шешілу барысы қаралды

«Тұрғындар мәселесі шешіле ме?». Депутаттар көтерген мәселелердің шешілу барысы қаралды
Фото - ашық дереккөзден
Қалалық мәслихаттың депутаттары билікке 106 сауал жолдаған

Тараз қалалық мәслихаты мен қала әкімдігінің бірлескен кеңейтілген отырысында депутаттардың көтерген мәселелерінің шешілу барысы қаралды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиынды қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай ашып, жүргізіп отырды. Оның сөзінше, бүгінге дейін  34 сауал орындалып үлгерсе, 31-і бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

– 2023 жылы өткен сайлау нәтижесінде қалалық мәслихаттың VIII шақырылымына депутаттар сайланған болатын. Сол уақыттан бері халық қалаулылары тарапынан 106 сауал жолданды. Қала әкімі Бақытжан Әмірбекұлының қолдауымен барлық сұрақтар жинақталып, 2023-2025 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспары құрылды. Қазіргі уақытта 34 сауал орындалып үлгерсе, 31-і бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал 29-ының орындалу мерзімі 2025 жылға бекітіліп отыр. Жалпы алғанда депутаттық сауалдардың 60 пайыздан астамы (61-63 пайыз) өз шешімін тауып отыр деуге болады. Ендігі кезекте біздің алдымызда орындалған мәселелерді қарастырып, алдағы уақытқа жоспарланып отырғандарын талқылау міндеті тұр, – деді Кенжебек Олжабай.

Келесі кезекте халық қалаулылары жолдаған сауалдар бойынша қала әкімдігі экономика және бюджеттік жорспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев баяндама жасап, әр мәселеге жекелей тоқталды. Оның айтуынша, сауалдардың 80-і тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жұмысына қатысты болса, 6-ауы – құрылыс, 7-еуі – тұрғын үй қатынастары, 8-і – білім, 5-еуі спорт және дене шынықтыру бөліміне қарасты болып отыр екен.
Кеңейтілген отырыс барысында тараптар тұрғындар көтеріп, мәслихат мінберінде қойылған сұрақтарды жеке-жеке талқылады. Онда қала аумағындағы алқаптар мен саяжайларды ауызсумен қамту, жолдарға асфальт төсеу, көшелер мен аулаларды жарықтандыру, аялдама орнату, мектептерді жөндеуден өткізу, шаһарды абаттандыру, футбол және балалар ойын алаңшаларын салу секілді аса маңызды мәселелер сөз болды.
Әр сауалды мұқият тыңдап шыққан Бақытжан Орынбеков әрқайсысына нақты жауаптарын беріп, жауапты тұлғаларға тапсырмаларын берді.

– Өздеріңізбен бірлесе атқарған жұмыстардың арқасында шаһарымыздағы бірқатар мәселе кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Алдағы уақытта бекітілген іс-шаралар жоспары аясында еңбек етеміз деген үміттемін. Сіздерді ортақ үйіміз – Тараз қаласының көркейіп-дамуы жолында ортақ істің басынан табылуға шақырамын, – деді шаһар басшысы.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар