Жаңалықтар
"Мақпал Исабекова көз жасына ерік берді": Әншіні перзентханадан бірге тұрмайтын күйеуі алып шықты
- авторҚұралай Сейсенбекқызы
- 11 шілде, 2024
- 29.4k
Танымал әнші, актриса Мақпал Исабекова перзентханадан шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Алматы қаласындағы элиталы перзентханалардың бірінде екінші сәбиін дүниеге алып келген әншіні анасы, әріптестері мен достары қолдап келді.
Олар бұл қуанышты сәтті жеке парақшаларында бөлісіп, ақжарма тілегін ақтарған. Жақындарын көрген әнші көңілі босап, көз жасына ерік берді. Кішкентай ханшайымды үйіне шығарып алу үшін бұрынғы күйеуі де келді.
Әнші маңызды сәтімен бөлісуге келген бір топ жақынының арасынан ең алдымен 5 күн көрмеген ұлын құшағына алып, мауқын басты.
Айта кетейік, әнші екінші перзентін 6 шілде күні дүниеге әкелген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы анасы туралы әсерлі жазба қалдырды
- авторБақытжан Бекболат
- 11 мамыр, 2025
Жаңалықтар
Су мен оттан сақтан: Жамбылдағы алдын алу жұмыстары
- авторБақытжан Бекболат
- 11 мамыр, 2025