Табиғи апаттан жарамсыз болып қалған үйлер қайта салынады – Аудан әкімі
- авторМағжан Орынбасар
- 10 шілде, 2024
- 914
Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов зардап шеккен тұрғындардың үйлері мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, қалпына келтірілетінін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сәкен Мамытов Жаңатастағы су кірген үйлер қайта қалпына келтіріліп, жарамсыз күйдегі баспаналардың орнына жаңасы салынатынын айтты. Оның сөзінше, тұрмыстық техникалар шығыны да өтеледі. Бұл үшін қазір арнайы жұмыс тобы құрылып, зерделеу жұмысын бастап кеткен. Алдағы 10 күн ішінде келтірілген шығын мөлшері белгілі болмақ.
- Мемлекет зардап шеккен халықты қараусыз қалдырмайды. Тұрмыс-тіршілікке қажетті газ пеші, тоңазытқыш секілді техникалар мемлекет қаражатынан өтеп беріледі. Ал, үй мәселесіне келсек, бастапқы анықталған 47 үй бар. Қазір оның 2-еуі апаттық жағдайда болып отыр. Қазір тәуелсіз мекеме шығын бойынша сараптама жасап жатыр. Олар алдымен үйлердің іші кебуі керек дейді. Сол уақытта шығын көлемі анықталады,- деді Сәкен Мамытов.